«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Сейсенбідегі саудадан кейін мұнайдың әлемдік бағасы өсе бастады.

Лондонның ICE Futures атты биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуірлік фьючерстері 39 центке (0,62%), барреліне 62,98-ге дейін қымбаттады. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің наурызға арналған баға белгіленімі сейсенбіде 32 центке (0,54%) - барреліне 59,61 долларға дейін артты.

Дүйсенбі күні ОПЕК 2017 жылдағы мұнайдың әлемдік сұранысының өсімін бағалауды тәулігіне 30 мың баррельге, ал осы жылы тәулігіне 60 мың баррельге көтерді. Ендігі 2018 жылдың қорытындысы бойынша мұнайға деген сұраныс тәулігіне 1,59 млн.баррельге - күніне 98,6 млн.баррельге дейін артады деп күтілуде.