«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін астаналық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы медицина мекемесінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Жоба жетекшісі Жазира Жылқышиева "Астана - адалдық алаңы" бағдарламасының мақсаты мен міндетін айтып шықты.

Оның айтуынша, жоба қалалық денсаулық сақтау саласындағы бірқатар проблемаларды шешуге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру үш жылға лайықталған.

"Осы жылдың жартысында-ақ біз нәтиже көрсетіп, жобаның Астанада қалай жүзеге асқанын көрсетіп, сосын еліміздің өзге де аймақтарына таратамыз", - деп түсіндірді жетекші.

 

Кездесу барысында медицина мекемесінің қызметкерлері қойған сауалдарына жауап ала алды.