«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

         Азия мемлекеттерінің ірі экономикалары 2018 жылы қарқынды түрде дами түспек.

         Бұндай мәлімдемені жуырда Ұлыбританияның экономика және бизнес зерттеулері орталығы жасады. Олардың дерегінше, алдағы уақытта Үндістан елі Франция және Англия мемлекеттерін басып озып, әлемнің 5-ші ірі экономикалық алпауыты атанады. Ал он жылдан соң, ішкі жалпы өнімі бойынша экономикасы ең мықты ел рейтингінде үшінші орынды иеленеді.

         Орталықтың мамандары берген баға бойынша, 15 жылдан соң әлемнің төрт экономикалық алпауыты қатарында үш азиялық ел болмақ. Олар - Қытай, Үндістан және Жапония. Қытай 2032 жылы АҚШ-тан оза шығып, әлемдік көшбасшы атануы мүмкін. Бұдан бөлек, сарапшылар дүниежүзінің дамыған елдерінің ондығына Индонезия мен Оңтүстік Корея мемлекеттері де кіреді деп отыр.