«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Осы жылдан бастап отандастарымыз Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз сапар шеге алады.

Бұл мәселе туралы келісімшартқа негізі өткен жылдың мамыр айында қол қойылған болатын. Құжат тиісінше 2018 жылдан бастап өз күшіне еніп отыр.  Ендігі қазақстандықтар 30 күн бойы Араб әмірлігінде визасыз еркін жүре алады.

Бүгінде бұл ел әлем халықтарының көп саяхаттайтын мемлекеттерінің қатарында. Статистикаға сүйенсек, алдыңғы жылдары Біріккен Араб Әмірлігіне елімізден 90 мыңнан астам адам барған.  

         Бұдан бөлек, қазіргі таңда еліміз Израиль, Макао және Тайланд елдерімен де визасыз тәртіпке көшу бойынша келіссөздер жүргізуде.

         Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан азаматтарына әлемнің 66 еліне визасыз саяхат жасауға мүмкіндік берілген.