«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстан Тұтынушылар Одағы келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап нарықтағы көшбасшыларды анықтау бойынша жобаны жүзеге асырмақшы.

Жоба бойынша супермаркеттерде «Халықтық сапа» атты сөрелер пайда болады. Онда тұрмыстық химиядан бастап киімдерге шейін ұсынылмақ. Басты ерекшелігі олар толық тексерістен өткен. Яғни, тамақтану институтының лабараторияларында және санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда тауарлардың қаншалықты стандарттарға сәйкес келетіндігі сыналған.

Бұндағы мақсат – тұтынушыларға сапалы тауар сатып алуға көмектесу. Жасыратыны жоқ, бүгінде алдамшы жарнамалардың салдарынан көбіміз алданып қалып, заттың сапасына көңіліміз толмай қалады. Сондықтан жоба ұйымдастырушылары да бұл проблеманың алдын алып, тұтынушыға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беруді көздеп отыр.

Бір айта кетерлігі, «Халықтық сапа» сөресінде тек отандық қана емес, шетелдік өндірушілердің тауарлары да тұратын болады.