«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстандық KASE қор биржасының таңғы сессиясы аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оған сәйкес, доллар курсы 322,44 теңгені құрады. Доллардың ең аз мөлшері - 322,2 теңге, максималды - 322,58 теңге. Сауданың ортақ мөлшері - 70,85 миллион доллар.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда көлік құралдарының электронды паспорты енгізіледі. Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

 

Қалдықтарды өңдеу қуаттылығы 75%-ға 2019 жылы жеткізіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесуі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

Елімізде екінші деңгейлі банктер жеке тұлғаға несие бергенде оған ай сайын төлеуі үшін несие шотын ашып отырған, сол несие шотын ашқаны және оны несие жабылғанша ұйымдастырғаны үшін банктер комиссия ұстап келген.

 

Америкалық Apple компаниясы 2018 жылдың соңында iPhone-ның үш жаңа нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр.