«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі "Қазақстанның Халық банкі" АҚ ақпараттық ресурстарына 2016 жылы қарашада кибершабуыл жасалып, қызметіне нұқсан келтірілу жайтын тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

 

Астанада ҚР Парламентінің біріккен отырысы өтіп жатыр. Жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «7-20-25» бағдарламасын таныстырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

– Біз халықтың баспанаға қол жеткізуі үшін соңғы жылдары көп жұмыс істедік. Былтыр 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй аумағы берілді. Бұл – бұрын-соңды болмаған рекордық көрсеткіш. Бірақ бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін талай отбасы үйсіз-күйсіз жүр, - деді Елбасы.

Президент тұрғын үй ипотекасын жалпақ жұртқа қолжетімді қылу арқылы осы мәселені шешуді тапсырды.

– Жұмыс істейтін әр азамат несиеге пәтер сатып ала алатындай тетіктерді қарастыруымыз қажет. Мен «7-20-25» деген жаңа бағдарламаны іске қосуды ұсынамын. Еңбек етуші әр қазақстандық мынадай шарттармен тұрғын үйді қарызға ала алады: сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей жылына 14-16 пайыз емес, 7 пайыздан аспайды. Қазір банктер бастапқы жарнаға 30, кейде 50 пайызын сұраса, бұл бағдарлама бойынша бастапқы жарна мөлшері 20 пайыздан аспауы керек. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі, - деп түсіндірді президент.

Қазақ жеріндегі ядролық сынақтардың зардаптарын жою мақсатында құрылған «Невада-Семей» қозғалысының құрылғанына биыл 29 жыл. Осыған орай Ақтөбе қаласында «Таза табиғатпен – ядролық қарусыз ғасырға!» атты аймақтық ғылыми конференция өтті. Шараны ұйымдастырған облыстық ішкі саясат басқармасы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының Батыс филиалы.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдан бастап 7 пайыздық ипотекалық несие беріле бастауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына орай пікір білдірген Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Үкіметтің қаулысымен «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бұл өзгерістер мемлекеттің қолдауына қол жеткізе алатын кәсіпкерлер санын арттырады деп жоспарланған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.