«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Егер мәміле іске асса, бұл Халық банкінің Қазкомды сатып алуы болмақ. Сөз екі банктің қосылуы туралы болып отырған жоқ, деген "Халық банкі" басқармасының төрайымы Уміт Шаяхметова осы күнге дейін ешқандай нақты құжаттар болмағанын және келісімшарттарға қол қойылмағанын атап көрсетті, деп хабарлайды KazDala.kz.

Мәміле бойынша қандай да бір жаңалық болатын уақыт кейінге шегерілген.

"Біз процесстің біраз бөлігінен өттік. Қазір кейбір цифрларды нақтылау үстіндеміз. Өте қиын, күрделі процесс жүрып жатыр. Мемлекеттік ресурстар, сыртқы консультанттар, аудиторлар мен инвест-банкирлер тартылуда. Талқылау жұмыстарына ҚР Ұлттық банкі де қатысып отыр. Біз жұмысты жалғастыра береміз және оқиғаның әрі қалай қалай өрбитінін көре жатармыз", - деп түсіндірді Ү. Шаяхметова.

"Халық банкі" басқарма төрайымының айтуынша, егер мәміле іске аса қалса, Қазкоммерцбанк Халық банкінің құрамындағы еншілес банк болмақ. Бұл жағдайда "Халық" Казкомның акциясын сатып алады.

"Біз мамырдың соңына қарай қандай да бір нақты уақыт белгіленетін шығар деп күтіп едік, бірақ мәміле өте күрделі болғандықтан, жұмыста белгілі бір қиындықтар пайда болып жатыр.Әлі жауап ала алмай отырған сұрақтар да жетерлік", - деп хабарлады еліміздегі ең ірі банктің басшысы.