«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова және Батыс Қазақстан Облысының әкімі Алтай Кульгинов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді жеке тұрғын үйлер бағдарлама аясында шаршы метріне 120 000 теңге көлеміндегі бағамен өткізілетін болады. Ол үйлерді жекеменшік құрылыс салушылар салады. Тұрғын үй құрылысын салушылар мемлекеттен 7%-бен алатын кредит бойынша көмекқаржының арқасында құрылыстың бағасы төмендетілді.

Қазақстандықтар қаражатын ұлттық валютамен арттыруын жалғастырып жатыр - бес ай ішінде теңгемен жасалған салымдар 19 пайызға өскен. Екінші дәрежелі 33 банктің 16-сында бөлшек салымдардің өсімі тіркелген. Бұл туралы Ranking.kz сараптама қызметінің зерттеуінде айтылады. Зерттеуге қарағанда, ҚР депозит нарығында дедолларизация жалғасып келеді - халықтың валюталық салымдары азайып келеді де, теңге жинақтары, керісінше, өсуін жалғастырған.

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2016 жылы 146 миллиард теңге бюджет қаржысының неге пайдаланылмағанын түсіндіріп берді, деп жазады KazDala.kz.

«Шығыс бөлігі бойынша шамамен 146 миллиард теңге игерілмеген, оның ішінде 110 миллиарды дәлелді себептер бойынша. Мысалы, 20 миллиардтан астамы — бұл біздің жылдық айналым бағамын 360 (бір доллар үшін теңге) деп жоспарлауымыздың нәтижесіндегі қарызға жұмсалды. Факт бойынша, ол аз болып шықты, инфляция деңгейі де біз болжағаннан төмен болды.

77 миллиард теңге — бұл қолданылмаған резерв қаржысы. Оларды пайдалануға қажеттілік туған жоқ. Нәтижесінде, Ұлттық банктің 370 миллиард теңгесі пайдаланған жоқпыз. Бұл бізге Ұлттық қордың деңгейін азайтпауға мүмкіндік берді», — деп түсіндірді ол ҚР Парламенті Мәжілісінен кейін журналистердің сұрақтарына берген жауабында.

Оңтүстік Қазақстанда қарбыз пісті. Өңір шаруалары бүгіннің өзінде 300 тонна қарбыз - алғашқы өнімді Ресей асырып үлгерді. 

Мәселен, сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. Таяуда 200 тонна қарбыз тағы да еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартады деп күтілуде. 

Жалпы, сарыағаштықтар бақшалықтан өткен жылы 105 мың тонна қауын-қарбыз жиған болатын. Биылғы болжам 120 мың тоннаға жетеді дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары. Ал Сарыағашта бақша өнімдері 4,5 мың га алқапқа егілсе, оның 3,5 мың га-нда қауын-қарбыз бапталуда. Оның ішінде 720 га танап ерте пісетін қарбыз түріне арналған.

Мақтааралдық қарбыз өсірушілер де көршілес аудандағы әріптестерінен қалысар емес. Онда бүгінде 100 тонна қарбыз Ресейге экспортталып үлгерген. Аудандағы «Атамекен» ауылдық округінің диқандары қарбыздың әр келісін 150 теңгеден өткізіп жатыр. Ал жалпы биыл Мақтаарал ауданында 5700 гектарға қарбыз егілген.

Шардаралық шаруалардың да бақша өнімдері баршылық. Ондағы Жаушықұм ауылдық округінде қарбыз егумен шұғылданып жатқан диқандар алғашқы 30 тонна өнімді Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтті. 2 гектар алқапқа жамылғы астына ерте пісетін қарбыз тұқымын отырғызған «Бағдат» шаруа қожалығының диқандары пленканы қос қаптама түрінде жауып шыққан екен. Бірінші болып егістік алқаптан өнім артқан қожалық төрағасы Б.Шыназбаев әр гектарынан кем дегенде 40 тн-дан қарбыз алудан үмітті.

Шардара ауданы бойынша жаушықұмдық шаруалар жамылғы астына өнім егуден алдыңғы орында тұр. Ауыл әкімі Серік Махамбетовтің мәліметінше қазіргі таңда 3312 гектар аумаққа бақша дақылдары орналастырылған. Мұның 100 пайызы жамылғы астына егіліп отыр. Көктем басталысымен қарбалас тірлікке көшетін диқандар қауымы пленка астына дақыл егудің шығыны әр гектарына 500 мың теңгені шамалайтынын айтады. Дегенмен, нарыққа ерте шығарып үлгерсе шыққан шығынның орны толады.

Жалпы, биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,4 мың га жерге бақша дақылдары егілген. Оның 32 мың гектарында қауын дақылы өсіп жатса, 21 мың гектары қарбыз алқабы. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының болжамынша, 1 шілдеге қауын дақылы да пісіп, өңір нарқына жол тартпақ. Алдын ала есеп бойынша биыл да аймақ диқандары 1 млн. тоннаға жуық қауын-қарбыз жинап, көл-көсір өнімге қарық болады.

 

Егер мәміле іске асса, бұл Халық банкінің Қазкомды сатып алуы болмақ. Сөз екі банктің қосылуы туралы болып отырған жоқ, деген "Халық банкі" басқармасының төрайымы Уміт Шаяхметова осы күнге дейін ешқандай нақты құжаттар болмағанын және келісімшарттарға қол қойылмағанын атап көрсетті, деп хабарлайды KazDala.kz.

Мәміле бойынша қандай да бір жаңалық болатын уақыт кейінге шегерілген.

"Біз процесстің біраз бөлігінен өттік. Қазір кейбір цифрларды нақтылау үстіндеміз. Өте қиын, күрделі процесс жүрып жатыр. Мемлекеттік ресурстар, сыртқы консультанттар, аудиторлар мен инвест-банкирлер тартылуда. Талқылау жұмыстарына ҚР Ұлттық банкі де қатысып отыр. Біз жұмысты жалғастыра береміз және оқиғаның әрі қалай қалай өрбитінін көре жатармыз", - деп түсіндірді Ү. Шаяхметова.

"Халық банкі" басқарма төрайымының айтуынша, егер мәміле іске аса қалса, Қазкоммерцбанк Халық банкінің құрамындағы еншілес банк болмақ. Бұл жағдайда "Халық" Казкомның акциясын сатып алады.

"Біз мамырдың соңына қарай қандай да бір нақты уақыт белгіленетін шығар деп күтіп едік, бірақ мәміле өте күрделі болғандықтан, жұмыста белгілі бір қиындықтар пайда болып жатыр.Әлі жауап ала алмай отырған сұрақтар да жетерлік", - деп хабарлады еліміздегі ең ірі банктің басшысы.