«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Kcell телекоммуникациялық операторы акцияларының 75 пайызын сатып алу мүмкіндігіне қатысты Ұлттық экономика министріне депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Қазақстанда зейнет жасына жеткеннен кейін ғана еңбек шартын бұзу туралы ескерту жіберіледі. Бұл туралы Сенатта тілшілерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Сарапшылар жанармайдың құбылған құны көтерілмесе түспейді деп отыр. Өйткені, Ресейдің нарығында сәуірде бензин бағасы күрт көтеріледі деп экономистер өз болжамдарын айтты. Оған не себеп? Көрші елдегі қымбаттаудың Қазақстанға қандай қатысы бар? Энергетика министрі Бозымбаевтың сонда «жанармай құны тұрақты болады» деген уәдесі желге ұша ма? - деп хабарлады KTK арнасы.

 

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі"Алматы қаласында "Өз үйім" бағдарламасы бойынша өтініш қабылданатынын мәлімдеді.

 

«7-20-25» бағдарламасында өңірлердің жаңа және ескі тұрғын үйлерін қоса отырып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың үйлесімін табу керек.

ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер орталығында» өткен дөңгелек үстелде Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева осындай пікір білдірді. «Елбасы өз бастамасында «7-20-25» бағытында пайыздық мөлшерлеменің 7 пайыздан аспауы керектігін нақты айқындап көрсетті.