«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Экономиканың базалық саласы бойынша 7 айдағы есептік мәліметтердің талдауы оң нәтижелі динамиканы көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен өнеркәсіптің өсімі 3,1% (331,6 млрд теңге) құрады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптің ұлғаюы 3,5%.

Ай сайын инвестицияның да өсімі байқалады: жыл басынан бері 519,9 млрд теңге тартылды.

Шетелдік инвестицияның үлесі 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10,5%-дан 27,1% дейін өсті.

Бюджеттен тыс инвестицияның өсімі 2017 жылы қаңтар-шілдеде 342,4 млрд теңгеден 2018 жылдың қаңтар-шілдесіне дейін 461,3 млрд өсті. Оның негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 88,7% пайызды құрады.

Шағын және орта бизнес саласында қолданыстағы субъектілердің саны 10,5% (107,9 мың бірлік) ұлғайды.

ШОБ субъектілері өндірген өнімнің көлемі 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 6,8%-ден 908,8 млрд теңгеге дейін өсті. ШОБ субъектілерінен бюджетке түскен салық 214 млрд теңгені (немесе жалпы салық түсімі мен төлем 46%) құрады.

Осылайша шағын және орта бизнесті белсенді қолдаудың арқасында Астанада орта есеппен 1400 жаңа шағын және орта бизнес субъектілерінің кәсіпорны ашылды.

Сауданы дамытудың да оң тренді байқалған - 3,6%-ға өскен, жалпы көлемі 650,8 млрд теңгені құрады.

Экономиканың шынайы секторында 12 656 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 16,5% көп (108565 жаңа жұмыс орны), оның ішінде 10 887 (86% үлесі) – ШОБ саласы.

ІІ тоқсандағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Бюджеттің табыс бөлігіне қатысты мемлекеттік бюджетке түсімнің көлемі 1 тамызда 556,2 млрд теңгені құрады (2,3% артқан).

Тұрғын үйді пайдалануға берудің ТИК-і 90,1% құрады. Пайдалануға 1 млн 516 мың шаршы метр тұрғын үй берілді (бір жылға жоспар – 2 362 мың шаршы метр).

Тұрғын үйді пайдалануға берудің өсім қарқыны ай сайын ұлғаюда, шілдеде 235 мың шаршы метр салынды, бұл маусым айына қарағанда (205 мың шаршы метр) 14,8% көп.

ТИК құрылыс жұмыстары 80,9% (257,2 млрд теңге, бір жылға жоспар – 661,5 млрд теңге) құрады. Өткен жылы жоғары базадағы көрсеткіштің төмендеуі ЭКСПО-2017 қарсаңында нысандарды пайдалануға беру мен құрылыстың (жаңа теміржол вокзалы, халықаралық әуежай терминалы, Мега Silkway ірі сауда орталығы, әлемдік деңгейдегі қонақ үйлердің салынуы) белсенді қарқынына байланысты болды.

Сонымен қатар ай сайын (қаңтар-маусым) құрылыс жұмыстары көлемінің оң динамикалы өсімі байқалды.

Көрсеткіштерді екінші жарты жылдықта жақсартуды инвестициялық инфрақұрылым жобаларының есебінен іске асыру жоспарлануда.

 

Екінші жарты жылдықта бірқатар ірі жобаларды іске асыру жалғасуда: LRT жаңа транспорт жүйесі, нөсер кәрізі құрылысы, ЖЭО-2, ЖЭО-3, жол құрылысы, көпқабатты тұрғын үй кешендері мен басқа да объектілер. Жыл соңына дейін 470,5 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды іске асыружоспарланған.