«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Саяси кеңес беруге мамандандырылған Cambridge Analytica компаниясы Facebook әлеуметтік желісінің 87 миллионға жуық қолданушысының жеке деректерін жинаған.

 

«Біз Facebook желісіндегі 87 миллион адамның, әсіресе АҚШ азаматтарының жеке деректері Cambridge Analytica компаниясына берілуі мүмкін деп болжаймыз», – дейді Facebook техникалық директоры Майк Шрепфер.

 

Жеке деректерге байланысты Facebook қолданушыларының ішінде АҚШ, Филиппин, Индонезия, Ұлыбритания, Мексика, Канада, Үндістан, Бразилия, Вьетнам мен Австралия азаматтары шағым түсірген. Ал бұған дейін Facebook желісіне тіркелген 50 миллион адамның жеке деректері ұрланғаны туралы мәлімет тараған болатын.