«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Халықты қолжетімді баспанамен қамтуға арналған «7-20-25» бағдарламасының шарттары әлі дайын емес. Дегенмен, арзан ипотеканың шекті көлемі белгіленді, деп xабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

 

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, жаңа бағдарлама бойынша Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау қалалары үшін арзан ипотеканың шекті мөлшері 25 млн теңге болады.

 

«Басқа қаладардың тұрғындарына 10 млн теңгеге дейін, ал аймақтарда 7 млн теңгеге дейін несие беріледі. Мысалы, ірі қалаларды алсақ, 25 млн теңгеге екі бөлмелі пәтерді алуға болады. Баспананың ауданы 7 шаршы метрдей. Сонда несие алған адам ай сайын шамамен 170 мың теңге төлеп отырады», - деді О.Смоляков бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

 

Оның айтуынша, ірі қалаларда арзан ипотеканың шекті мөлшері 25 млн теңге болса, оның сыртында тағы 20 проценттік алғашқы жарна бар. Сонда Астана, Алматы, Атырау мен Ақтау қалаларының тұрғыны 30 млн-ның пәтерін 7 проценттік несиеге ала алады.

 

Барлық несиелер тек теңгемен ғана беріледі.



Толығырақ: http://alashainasy.kz/economica/7-protsenttk-ipoteka-tort-kalanyin-turgyindaryi-30-mln-nyin-patern-ala-aladyi-108057/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі