«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

ҚР Ұлттық банкі Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасына енген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

 

Д.Ақышев Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлығын доллармен алмайтын адамдарға ипотекалық несиені доллармен беруге заң жүзінде тыйым салынғанын еске салды.

 

«Бағдарлама бойынша, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін доллармен берілген ипотекалық несиелер Ұлттық банктің 2015 жылдың 18 тамызындағы доллар бағамы бойынша қайта қаржыландырылады. Осылайша доллармен ипотекалық несие алған 21 мыңнан астам адамның несиесін өтеуіне жеңілдік жасалады», — деді ол.

Ақышевтың айтуынша, енді долларлық ипотекасы бар клиенттер тез арада өзінің кредитор-банкіне барып, несиені осы бағдарлама аясында қайта қаржыландыру туралы өтініш беруі қажет.