«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қырғызстан Қазақстанның БТА Банкіне 75 миллион доллар қайтармайтын болды.

 

Қырғыз Республикасы үкіметі аппаратының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, дау екі жақтың бейбіт мәмілеге келуімен аяқталды.

 

2011 жылы "Тұран Әлем Банкі" халықаралық инвестициялық арбитражға арыз беріп, қырғыз үкіметінің өкілдері мен басқа да тұлғалар еншілес банк акцияларының 71%-ын заңсыз жекешелендіріп алды деп айыптаған болатын.

 

Банктің пайымдауынша, екі елдің үкіметтері арасындағы келісім бұзылыпты, сол үшін 75 миллион доллар қаражат талап еткен.

 

Бейбіт мәмілеге келуіне байланысты Қырғызстан ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды, өтемақыны да төлемейді. "Тұран Әлем Банкі" Қырғызстан үкіметі жанындағы мемлекеттік мүлікті басқару қорынан еншілес банк акцияларының 7,7%-ын сатып алатын болды.