«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Google компаниясы желіге қосылусыз-ақ, бейнероликтерді көруге әрі жүктеуге мүмкіндік беретін YouTube Go атты Android-қосымшасын барлығы үшін қолжетімді етті.

Бұл қосымша бейнероликтерді SD-картаға немесе мобильді құрылғының жадына сақтауға және оларды оффлайнда қарауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жаңа бағдарламаның көмегімен жүктелген контентті Bluetooth бойынша өзге құрылғыларға жіберуге болады.

Ресми деректерге сүйенсек, бағдарламаның салмағы да онша көп емес, небәрі 9,4 мегабайт. Сондай-ақ, оны тіпті Jelly Bean (Android 4.1) нұсқадағы ескі құрылғыларға да орнатуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Youtube-тың бұндай үнемді нұсқасы екі жыл бұрын тек Үндістан елінде ғана жұмыс жасаған болатын.