«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Орташа 158 теңгеден сатылып келген жанармайды жұртшылық енді 162-163 теңгеден сатып алып жатыр. Осыған дейін баға тұрақты болады деген Энергетика министрлігінің болжамы тазша баланың қырық өтірігіне айналғандай, деп хабарлады КТК арнасы.

 

 

Бірақ, оптимист министр Қанат Бозымбаев өткен апта ит жылында тапшылықтың болмайтынын жеткізді. Сәйкесінше, қымбатшылықтың да ауылы алыс болуы тиіс. Өйткені, жаңғыртудан өткен үш мұнай зауыты өндірісті арттырады. Сол үшін жанармай сақтайтын қор да құрылмақ. Бірақ, әзірге бағаның қымбаттамаса, арзандайтын түрі жоқ.

Дереккөзі: alashainasy.kz