«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Facebook әлеуметтік желісі криптовалюталар туралы жарнамалардың жариялануына толықтай тыйым салды.

Бұндай жаңа ереже күмәнді ақпараттармен күресу шаралары аясында іске асырылып отыр. Facebook өкілдерінің пікірінше, бинарлық опциондарға, электрондық монеталарға қатысты жарнамалардың артында әдетте алаяқтар тұрады.

Компания мамандары әлеуметтік желідегі жарнамалардың сенімді әрі адамдардың көңілінен шығуға тырысатындай болуы керектігін айтады.

Бұл жасалған қадамға қарап, Facebook-тың халықтың мүддесіне ерекше бет бұрып жатқандығын айтуға болады. Себебі, криптовалюталық кеңістікте бүгінде әлем бойынша мыңдаған адамдар бірнеше миллион долларларын жоғалтып отыр.