«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Nissan компаниясы автокөлік туралы түсінігімізді өзгертетін революциялық технология әзірлеуде.

 

Фирма өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа функция түрі мидың сигналдарын есептеу арқылы жүргізушінің іс-әрекеттерін алдын ала білетін болады. Инженерлер Nissan көліктеріне мидың жеке импульстарын есептей алатын медициналық технологияны бейімдеген.

Яғни, жаңа технология көлік жүргізу барысын біраз жеңілдетіп, жүргізушінің бұл үрдісті толықтай өзі басқаруына көмектеспек. Осылайша, Nissan әдеттегідей қауіпсіздікке емес, көлік жүргізуден ләззат алуға баса назар аударып отыр.

Әлем үшін жаңалық болғалы отырған технологияның атауы Brain-to-Vehicle (B2V). Оны жұмыс жасату үшін жүргізушіге датчиктері бар жұмсақ шлем кигізіледі. Бұл бас киім тікелей мидан ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде B2V-ге жасалған сынақтар бұл жүйенің жүргізушінің ойын 0,2-0,5 секундта болжай алатындығын көрсетіп отыр.

Бұл ақылды автокөлік түрлерінің әлем назарына ұсынылатын күні де алыс емес. Ол жуық арада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін CES-2018 (Consumer Electronics Show) көрмесінде таныстырылмақ.