«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бизнес-смартфондар өндіруші ретінде танымал BlackBerry компаниясы жуырда әлем назарына жаңа смартфондарын ұсынды.

BlackBerry-дің жаңа өнімдері Американың Лас-Вегас қаласында өткен CES-2018 көрмесінде таныстырылды. Бұл жолы олар көрмеге 2 жаңа смартфондарын әкелген. Бірі батырмалы KEYOne Bronze Edition болса, екіншісі Blackberry Motion «тачфоны».

KEYone Bronze Edition телефоны екі SIM-карталы. Оның оперативтік жадысының көлемі 4, ал орнатылған жадысы 64 гигабайт. Бұл телефон тез қуаттайтын функцияға ие. 4,5 дюймдік экран астында сенсорлық qwerty-батырма орналасқан. Компания өкілдері батырманы өздерінің ұтымды тұстары санайды. Себебі, олардың пайымдауларынша, арнайы клавиатура бүгінде мәтіндік сервистерде, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тез жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Ал екінші BlackBerry – Motion смартфонында аппараттық батырмалар жоқ, ол кәдімгі сенсорлы телефон.

Айта кететін тағы бір жаңалық, бұл екі смартфон түрлеріне жаңа үлгідегі Android 8.0 Oreo операциялық жүйесін орнату жоспарда бар. Бұл бағдарлама арқылы құрылғылар тез жұмыс жасап, аккумулятор қуатын біршама ұзақ үнемдемек.