«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Apple корпорациясы маңызды өтінішпен жүгінген инвесторлардың өтінішіне жауап берді.

Таяуда Apple фирмасының акцияларына иелік ететін ірі инвесторлар компания басшылығына жастардың гаджеттерге тәуелді болуы проблемасын шешу туралы өтінішпен жүгінген болатын. Акционерлер ата-аналарға балалардың құрылғыны пайдалану кезінде оларды қадағалай алуларына мүмкіндік беруді ұсынды.

Көп ұзамай Apple инвесторлардың бұл өтініштерін орындайтығын жеткізді.

Корпорацияның жауап ретінде жіберген хатында былай деп жазылған: «Apple үнемі балалардың қамын ойлайды. Біз балаларды шабыттандыра және дамыта алатын өнімді жасау үшін көп жұмыс істеудеміз. Өнім ата-аналарға балаларды онлайн тәртібінде қорғай алуға көмектеседі».

Компания алдағы уақытта инвесторлардың өтініштерін есепке алатындығын және ата-аналардың балаларын бақылау функциясын кеңейтетіндігін айтып отыр.

Осылайша, ересектер өз балаларының тамашалайтын фильмдерінің, веб-сайттарының, тыңдайтын музыкалары мен оқитын кітаптарының контентіне шектеу қоя алады. Яғни, алдағы уақытта баланың интернеттен жүктейтін немесе қарайтын дүниелерін бұғаттап қоятын мүмкіндік туады.