«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

BCC Invest басқарма төрағасының орынбасары Александр Дронин еліміздің валюта нарығындағы жағдайға талдау жасады. Ол 2018 жылы теңге бағамы қандай болатынын да болжап берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

 

2017 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстанның валюта нарығындағы бұрыннан бар заңдылықтар мен тәуелділіктер жойылғандай болды. Бұған дейін нарықтың әрбір қатысушысы мұнай бағасы көтерілсе, теңгенің долларға шаққандағы құны да әлсірейді (және керісінше) деп ойлап келді. Ал жаздың соңы мен күздің басында мұнай бағасы қымбаттағанмен, теңге бағамы сол күйі қалды. Ресей рублі де солай. Тек осы кезеңде теңгенің рубльге шаққандағы бағасы құнсызданғанын айта кету керек. Жаздың соңына қарай 1 рубль 6 теңге болды. Оған дейін 1 рубль 5,50 теңгенің ар жақ-бер жағы болып тұрған.

 

Яғни, 2017 жылы теңге мен рубльдің долларға тәуелділігінің айтарлықтай төмендегенін байқауға болады. Ал, 2016 жылы теңгенің долларға айырбасы мен brent маркалы мұнай бағасының арақатынасы қатты білінген. 2017 жылдың І жартысынан бастап теңгенің мұнай бағасына тәуелділігі байқалмады.

 

Ол дегеніміз – теңге мен рубльдің курсына басқа факторлар әсер ете бастады. Қара алтын – Қазақстан және Ресейдің негізгі экспорты. Сондықтан, осы шикізаттың бағасы оның экспорттағы көлеміне және сәйкесінше сауда балансына, төлем балансының ағымдағы есебіне ықпал етеді. Ал, төлем балансының ағымдағы операцияларының есебі доллардың қысқа мерзімде ғана сұранысқа ие болуына әкеп соғады. Сондықтан, долларға сұраныс ұзақ болмаған соң, теңге курсы бірқалыпты болды.

 

Ұлттық валютаның динамикасына ұзақмерзімді факторлар да әсер етеді. Негізгілерінің бірі – капитал қозғалысының динамикасы (шетелден инвестиция тарту және өзіміздің резиденттердің шетелге инвестиция құюы).

 

Дегенмен әлемдік нарықтағы мұнай бағасы $60-дан жоғары болуы Қазақстандағы төлем балансының есебін нығайтуға және теңге бағамына басқа капиталдардың, спекулятив шабуылдардың ықпал етуін төмендетті.

 

Сарапшылардың есептеуінше, 2018 жылы теңгенің долларға айырбасы 2015-2016 жылдардағы мұнайдың әлемдік бағасы секілді қайтып келеді. Тек теңгенің долларға шаққандағы бағамының ұзақ тұруына фундаменталды факторлар ғана әсер етуі мүмкін.

 

Қорыта айтар болсақ, Қазақстан мен АҚШ-тағы инфляция қозғалысын, теңге мен доллардағы пайыздық ставкаларды, мұнай бағасының өзгеру динамикасын ескере отырып, 2018 жылы 1 АҚШ доллары 350-360 теңге болуы мүмкін. Ал, теңгенің рубльге шаққандағы бағасы 2-5 % әлсірейді. Әрине, бұл нақты сондай болады деген есеп емес. Жай ғана – сарапшылардың болжамы.


Дереккөзі: alashainasy.kz