«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мәскеу облысында Қазақстан Республикасының 10-нан аса қорғаныс-өнеркәсіп кешен кәсіпорындары III халықаралық әскери-техникалық форумына қатысты.

Қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов бастаған қазақстандық делегация форумның салтанатты ашылуына қатысты. Іс-шара басында делегация өкілдері форумда таныстырылған заманауи әскери техникалар мен жабдықтарды тамашалады. Бұл шараға Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешендері (ҚӨК) бірінші рет қатысып отыр. «Ұлттық көрме экспозициясын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін  «КАЕ», ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыты» АҚ, «Тыныс» АҚ және «Семей инжиниринг» ЖШС өкілдері таныстырды. Бұдан бөлек көрмеге «Қазспецэкспорт» РММ, «405 авиаремонтный завод» АҚ, сонымен қатар қорғаныс өнеркәсібі кешенінің бірқатар компаниялары қатысты», – делінген хабарламада. 200 шаршы метрлік қазақстандық көрме алаңында отандық компаниялар 60-тан аса әскери құрылғылардың үлгісін көрсетті. Қазақстандық электронды-оптикалық өнім шығаратын «КАЕ» ЖШС радиобайланыстың кәсіби құралдарын, инфрақызыл линзалар, «САРП» алыстан басқаратын әскери модулін, түнде және күндізгі нысаналаушы, электрондық платалар таныстырылды.