«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Әлемдегі ең биік ғимараттардың бірі 79 қабатты «Torch» тұрғын үйі өртенді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Gulfnews-ке сілтеме жасап.

  Полицлер өрттің тоғызыншы қабаттан басталып, одан әрі жоғарыға тарағанын айтып отыр. Азаматтық қорғаныс күштері мен полиция дер кезінде тұрғындарды эвакуациялап үлгерген.

Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіге ғимараттың өртенген сәтін жариялаған. Бейнетүсірілімнен көп қабатты үйдің ұшар басына дейін өртеніп жатқанын көруге болады. Бұл ғимарат алғаш рет 2015 жылы өртенген еді.

2011 жылы ашылған 384 метрлік «The Torch» ғимараты сол уақытта әлемдегі ең биік тұрғын үй мұнарасы саналды. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Дереккөзі: Baq.kz