«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін, 31 мамырда, Кабулдың ортасындағы күшті жарылыс кезінде екі Қазақстан азаматы зардап шекті.Бұл кезде олар жарылыс болған орыннан 500 метр жердегі қонақ үйде болған, деп жазады ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасай отырып, KazDala.kz.

Оның біреуі  - 1982 жылы туған ер адамның басына жарықшақ тиген, екіншісі 1991 жылы туған адам – аяғынан жараланған. Медициналық көмек көрсетілгеннен олар қазір қауіпсіз жерге ауыстырылған.  Қазақстандық дипломаттар екі азаматпен тұрақты түрде байланыс жасап, қажетті көмекті көрсетуде.

Бұған қоса, теракт салдарынан,  жарылыс орнынан  1,5-2 километр қашықтықта орналасқан  Қазақстанның  Кабулдағы елшілігінің ғимараты да зардап шегіп, шынылары сынған.

Қазіргі кезде қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің арасында Қазақстанның   басқа да азаматтарының бар-жоғын анықтауда. Қала жабылып тасталған. Аса қуатты жарылыс салдарынан 30 автокөлік жойылып, бүлінді.

ҚР СІМ Ауғанстан астанасындағы барлық отандастарымызды сақтақ шараларын сақтап, өз жағдайлары  туралы туыс-туғандарына хабарлауға, қажет болған жағдайда Қазақстанның Ауғанстандағы консулымен  +93-747-250-343 (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.

ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов зардап шеккен қазақстандықтар Кабулге іскер сапармен келгендігін хабарлады.

Жергілікті БАҚ жарылыс салдарынан аз дегенде 80 адам қаза тауып, 350 астам адам жарақаттанғанын айтады.