«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мәскеуде болған қатты дауыл салдарынан кешегі ақпар бойынша 11 адам қайтыс болып, 70 адам жараланды делінген болатын.
Жылдамдығы секундына 22 метрге дейін жеткен қатты жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкеткен.
А бүгінге дерек бойынша, Мәскеудегі дауылдың салдарынан 170 жуық адам зардап шегіп, 146 адам аураханаға жатқызылды, оның 108 әлі сонда жатыр. Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің басшысы Алексей Хрипун хабарлаған, деп жазадф KazDala.kz.
«Медициналық көмекке жүгінген 168 адамның 146-сы 15 ауруханаға жөнелтілді», — деп нақтылаған ол.
Ауруханадаға 108 адамның 22-і бала. Арасындағы 8 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Түнде және таңертең 38 адам ауруханадан шығарылды, дейді Алексей Хрипун.


Дауыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Ресейдің тергеу комитеті Бас тергеу басқармасының Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары тергеуге дейінгі тексерісті бастап кетті. «Олар оқиға болған орындарды аралап, қайтыс болғандардың кім екенін анықтауда. Оқиғаның куәгерлерінен жауаптар алынуда»,-дейді бұл жайлы ведомство басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова.
Қатты жел қаланың әр ауданында төрт жүздей ағашты құлатып кеткен. Облыс бойынша 7000 астам адам электр жарығынсыз қалған.
Синоптиктер мәскеудегі дауылдың басылғанын, бірақ әлі де болса жаңбыр жаууы мүмкін екендігін айтуда.