«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін Мысырдың Танта және Александрия қалаларында бірнеше жарылыс болды.Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Шетелдік басылымдардың жазуынша, Александрия қаласында террорист өзін шіркеудің ішіне кіргізбеген соң жарылғыш затты іске қосқан. Жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жараланды.


Сондай-ақ, бүгін Мысырдың Танта қаласында да екі жарылыс болды. Алдымен Мар-Гиргис шіркеуіндегі діни мерекеге орай жиналған халық арасында жарылыс болды. Кейін жергілікті полиция бөлімшесінде жарылыс болып, жалпы есебі 30-ға жуық адам қаза тапқан.
Еске сал