«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Алматы. 14 шілде. 7kun.kz — Британдық компания Vertu басшылары несие берушілермен келісімге келе алмады. Компанияның қарызы 128 миллион фунт стерлингті құрайды. Бұл туралы The Financial Times хабарлады.

Өмірде сіз білмейтін қызықты деректер жетерлік.

· Боливияда 5600 әскер-теңіз флотында істейтін қызметкерлер бар, бірақ бұл елде теңізге шығатын жол жоқ.

· Швецарияда мектеп мұғалімдерінің айлығы жылына 33 000 доллардан басталады. Яғни, ай сайынғы жалақысы – 2750 доллар

· АҚШ азаматтары басқа елдермен салыстырғанда көбірек сотталады.

· Оңтүстік Африка Республикасы қарақшылық, зорлық-зомбылық, қару-жарақ қолдану секілді қылмыстар бойынша әлемде бірінші орында.

· Ресей мен АҚШ-тың арасы бар-жоғы 4 шақырым.

· Әлемде ай сайын 2500 ана өз туған баласын тастап кетеді екен.

· Чарльз Осборн есімді адам 69 жыл бойы үздіксіз ықылық атқан.

· Ерекше есімге ие ұлдардың 50% өмірде психикалық ауытқуларға ұшырауы мүмкін екен. Бұл мәселенің қыздарға қатысы жоқ.

· Балалар басқа мезгілдермен салыстырғнда көктемде жақсы өседі.

· Әр үш секунд сайын әлемде бір сәби өмірге келіп жатыр.

Астаналық “Source Еnergy” ЖШС Қытайлық Chengxu Electric Group компаниясымен өзара байланыс орнатып, екі жақты келіссөз жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметі xабарлады.

Болашақ энергиясын дамытуды мақсат еткен отандық компанияның Бақылаушылар Кеңесінің Төрағасы Оралбек Ботбайдың сөзінше бұл шара елімізге инвестиция тарту мақсатында жасалып отырған шара. Қытайлық делегацияны бастап келген Хао Хуйдинг Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевпен кездесіп, өз өнімдерін таныстырды. Нәтижесінде – “Аспан асты” елінен келген іскерлік топ Елорданы жарықпен қамтамасыз ету мәселесімен айналысу үшін, жалпы құны – 17 млрд теңгені құрайтын арнайы пилоттық жобаға қатысу мәртебесіне ие болды.

Алдағы уақытта еліміздің өзге де облыстарында Астаналық компаниямен бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз деген шет елдік компания Қазақстан нарығында жұмыс істеуге ынталы екендіктерін жеткізді. Ал, осы шараға ұйытқы болған Оралбек Қожамжарұлы ел экономикасын дамыту мақсатында өзге де елдермен іскерлік байланыс орната беретіндіктерін айтты.

Көрші ел нарығында бес жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан компаниямен жүргізілген келіссөз Қытай еліндегі Жаңа жыл мейрамынан соң күшіне енеді.

Қазақстанға танымал продюсер Баян Есентаеваға үйленгелі жүрген Тұрсынғали Алагөзов Informburo.kz-ке сұхбат берді.

«Мен Баян жайлы бұрын естімеппін. Себебі, елдегі эстрада жайлы еш хабарым болмаған. Оның суретін әл-Фараби даңғылында ілулі тұрған баннерден көріп, сұлулығына тамсанатынмын. Баянмен өткен жылдың көктемінде, жұмыс бабымен таныстым. Ол – сұлулық пен ақылды ұштастыра білген керемет әйел. Өң-бойы білімге тұнған тұлға. Жасыратыны жоқ, мені өзінің ерекше дарындылығымен баурап алды» – дейді Баянның жаңа сүйіктісі.