«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша бизнесті дамытуға 425 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

 

Қазіргі таңда бизнесмендерден түскен өтініштерді қарау жалғасуда. Несие берудің шарты туралы «Даму» мемлекеттік қолдау қорының шарасы бойынша кеңесші Айслу Жетпісбаева айтып берді. Маман ақшаның қызметтің кез келген түріне берілетінін, максималды сома – 18 миллион теңге, ал жылдық ставкасы 6% екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Даму» кепілмен қамтамасыз ету жетпеген жағдайда кепілгер болуға да баруы мүмкін. Мәселен, сіздің ЖК немесе ЖШС-ге әлі 3 жыл толмаған болса, сіз 85 %-ға дейін кепілдеме ала аласыз. 15% кепілдеме міндетті түрде депозит ретінде немесе жылжымайтын кепілдеме түрінде болуы тиіс. Егер кәсіпкер рынокта 3 жыл болса, әрекеттегі кәсіпкер болса, «Даму» оған  қарыздың 50%-на кепіл бола алады және кәсіпкердің де 50% кепілі болуы қажет», - деп түсіндірді А.Жетпісбаева. 

Барлық осы мәселе бойынша керекті кеңес пен көмекті Қажымұқан көшесі, 8а мекенжайындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

 

«КҚК орталығында бір терезе қағидасымен жұмыс істейміз. Мәселен, кәсіпкер орталыққа келеді, біз оған қажетті бағдарламаны таңдап береміз. Әрі қарай ол ЖК, ЖШС қалай ашады, қандай құжаттар қажет екендігі туралы заңдық сауал бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ бізде бухгалтер де бар. Барлық салық салу бойынша қалай және нені төлеу керектігін, кедендік рәсімдерді, мемлекеттік сатып алуларды, сайтпен жұмыс жасау, бастысы бизнес-жоспар, барлық қызмет пен кеңес түрлері бізде тегін көрсетіледі», - деді А.Жетпісбаева.