«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Instagram әлеуметтік жүйесі өзінің «Stories» құралына жаңа мүмкіндіктер қосты.

Android пен iOS жүйелеріне арналған Instagram-да ендігі анимациялық GIF-стикерлері пайда болды.

Бұндай элементті Stories-де пайдалану үшін тиісті мәзірдегі GIF парақшасына өту қажет. Одан соң жариялайтын оқиғаңызға біршама нақты сәйкес келетін стикерді қоя аласыз.

Барлық стикерлерді (олардың саны жүзден асады) Giphy сервисі ұсынған. Инстаграм қолданушысы бұл жерден өзіне керектісін іздеп таба алады. Қойылған стикерді экран бойынша орналастыруға болады. Сондай-ақ, оның көлемін өзгертуге де мүмкіндік бар.

Бұдан бөлек, инстаграм өкілдері өз қолданушыларының желіде соңғы рет қай уақытта болғандығын көрсететін функцияны тестілеуді бастады. Бұл қызмет түрі алдағы уақытта Direct хабарламаларында жұмыс жасайтын болады.