«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы гаджеттерді қуаттай алатын ақылды свитерді патенттеді.

Бұл ерекше киім адам қолының қозғалысы арқылы қуат алатын болады. Күртенің жеңінде және алдыңғы бөлігінде арнайы датчиктер орналастырылған. Олар адамның белсенділігі туралы мәліметтер жинайды.

Ал аккумулятор арқаның төменгі бөлігінде орналаспақ. Жобаның бастапқы кезеңінде оның қуат көлемі аса көп болмайды деп болжанып отыр. Сарапшылардың пікірінше, өндірушілер бұл өнертабысты әлем назарына 2018 жылдың қаңтар айында Лас-Вегаста өтетін CES-2018 көрмесінде таныстыруы мүмкін.