«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстан президенті болудан дәмелі кандидаттарға қойылатын талап күшейді деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасай отырып, Қаздала.

Енді мемлекет басқарғысы келетіндер Орталық сайлау комиссиясына медициналық анықтамасын да ала келуі тиіс. Яғни, мәртебелі тақтан үмітті кісілердің денсаулығында еш кінәрат болмауы керек.

"Мен дәрігер емеспін, сондықтан тексеріс талаптарын білмеймін. Оны Орталық сайлау комиссиясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп әзірлеп жатыр. Анық-қанығы негізгі заң қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде белгілі болады", - дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.


Бұған дейін сайлауға түскендерден медициналық анықтама сұралмайтын.

Бірақ үміткердің нақты қандай дерттерден тексерілетінін Әділет министрі білмейтінін айтты.

Кандидатқа міндеттелетін тағы бір жаңа талап - мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеу. Ал қазіргі заңда, үміткердің қырыққа толуы, Қазақстанда туған, сол елдің азаматы болуы, мемлекеттік тілде сөйлеуі және соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұруы жеткілікті болатын. Айта кетейік, Қазақстанда келесі президент сайлауы 2020-шы жылға белгіленген.

Бүгін құрлықтық конгресте Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сайлауға 14 үміткер қатысқан. Нәтижесінде қазақтың даңықты балуаны ең көп дауыс жинап, Азия күрес кеңесінің президенті болып сайланды. Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов бүгінгі таңда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының вице-президенті қызметін атқарып келеді. Естеріңізге сала кетейік, Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Грек-рим күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері, және жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Әлем чемпионы және күміс жүлдегері, қола жүлдегері, Әлем кубогының екі мәрте жеңімпазы, 12-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның екі дүркін чемпионы, 24-25-ші Олимпиадалық ойындарының күміс, қола жүлдегері болған.

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы, Эр-Рияд қаласында болып жатқан  «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.