«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгін таңертең Астананың проблемалы тұрғын үй кешендерінің 100-ден астам инвесторлары үлескерлік құрылыс саласындағы өзекті мәселелерін шешу мақсатында көмек сұрап Астана әкімдігіне жүгінді. 

Жиналғандар ішінде бірқатар тұрғын үй кешендерінің өкілдері бар. Атап айтсақ, «Жастар 4», «Шығыс», «ОралДизайнСтроиСервис», «Магистральный 3», «Есiл ЭК», «Махаббат»,«Азбука Жилья» («Садовые кварталы», «Айсанам DeLuxe», «Комфорт DeLUXE», «Жетiжол», «Гарант», «Комсомольский», «Династия»).

Әсет Исекешев салымшылардың жанайқайын тыңдап, азаматтардан өтініш қабылдады.

Отырыс жұмысына барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде қала прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің, ведомствоаралық комиссиясының ІІМ және бас прокуратура, сонымен қатар барлық үлескерлік құрылыс саласында қызығушылық танытқан органдардың өкілдері қатысты.

 

Кездесу қортындысы бойынша Астана қаласының әкімі құқық қорғау өкілетті органдарына үлескерлік құрылыстағы инвесторлар мәселелерін және аз уақыт ішінде заңнамалық және құқықтық сұрақтарды шешуді жүктеді. Бұдан бөлек, әкім үлескерлік құрылыс қатысушыларының проблемасы жеке бақылауға алынып, тұрғын үй кешендері бойынша инвесторлармен кездесу кестесі құрылатынын жеткізді. Бұл бағытта жұмыстар үзбей, шешімін тапқанша жүргізіледі, деп сендірді әкім. 

Дереккөзі:astana.gov.kz