«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Бүгінде Астанада 14 таксомоторлы компания бар, олардың 6-уы«ASTANATAXI» атап айтқанда ZHeBe, ЭКО, Аруна, Тұмар,Drivers, Vector бірыңғай қалалық қызметтері кіреді. Атап айтқанда қалада қызмет көрсететін таксопарктердің барлығы бірыңғай қалалық қызметтің қатысушылары емес.

Бірыңғай қалалық қызметтің қатысушылары әзірленген бағдарламалардың барлық артықшылықтарын пайдаланады, көлік сатып алуда жеңілдіктерге ие болу мүмкіндіктері бар, сондай-ақ жеңілдікпен мөлшерлеме бойынша сатып алуды жүзеге асырып, әуежай және теміржол аумағына кіріп, бөлінген автобус жолақтарымен пайдалана алады. 

Алайда көліктердің бет-бейнесі тек «ASTANATAXI» сияқты болып көрінеді, ал шын жүзінде таксометр, бірыңғай бекітілген тарифтердің сақталуы сияқты бағдарламаның негізгі шарттары сақталмайды. Ол өз алдына халық арасында дау-дамай тудырады. Осыйлайша Астана қ. көлік басқармасының таксомоторлы компаниялармен келісімшарттарды тіркеуде бұзушылықтар анықталған, атап айтқанда олар компания мәліметтерін бірыңғай call-орталыққа қосу бойынша жұмыстардан бас тартқан, бірыңғай қалалық тарифті сақтамаған.

Таксомоторлы компанияларды тіркеудің артуы ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты болып отыр, онымен бірге әкімдік тарапынан қызметтерді ырықтандыруға қатысты, атап айтқанда автобус желілеріне және өзге де артықшылықтарға қолжетімділік, яғни  жолаушылар тасымалы басқармасының әкімшілік ғана емес сондай-ақ нарыққа әсері бар.

 

Астана әкімдігімен өткізілген талдау барысында өздерінің «қу» әрекеттері үшін Астана такси көлігі секілді безендіріп алған жаңа көліктер анықталды, дегенмен безендірудің сапасы өте нашар, түпнұсқаға сәйкес келмейді, бірыңғай емес шрифтер (әріптер) пайдаланылған, сұлбасы белгіленбеген жерде орнатылған. Көптеген көліктер техникалық талаптарға сай емес.

Мәселен,ЭКСПО кезінде жолаушылар тасымалына сұранысы жоғары СитиКаб компаниясы  өзінің қызметінен Алматыдан Астанаға көшірді, дегенмен жолаушылар тасымалы басқармасында тіркелмеген. Компания ЭКСПО және Мега SilkWay аумағында қызмет көрсетеді. Бұндай фактілер  Астана такси бағдарламасына жағымсыз әсер етуде.

6 Астана такси таксомоторлы компания жаңа көліктерді сатып алу бойынша міндеттерді алғанын есепке алғанда қазіргі уақытта бұл жағдайды реттеу мәселесі өзекті болып тұр. 

Сонымен қатар Астана такси бағдарламасына енген таксомоторлы компаниясының жүргізушілері бірыңғай тариф бойынша қызмет көрсетуден бас тарту фактілері анықталды. Осылайша іштей бағдарламаға деген сенімді жояды. Сараптама барысында көптеген жүргізушілер таксометрларды қоспайтыны белгілі болды. Өйткені таксомертсіз 8 таксомоторлы компанияның заңсыз қызмет фактілері туралы біледі.

Келтірілген барлық фактілерді ескере отырып, әкімдік бұл мәселені либералды және нарықтық жолмен шешудің бірнеше ұсынысын жасады: соңғы 3 айда ЖКБ –да тіркелген барлық таксомоторлы компанияларды «Астана Таксиға» қосу, автомобиль жолақысын автобус желісі бойынша тіркеу бағытында бейнебақылау бойынша МЖС жобаларымен біріктіру және бақылау және тағы басқа тиісті шаралар. 

Қала басшысы Әсет Исекешев Астана қаласының жолаушылар көлігі Басқармасына елордалық мемлекттік кірістер Департаменті және Ішкі істер департаментімен бірігіп, таксомоторлы компаниялар арасында алаяқтық фактілерді әшкерелеу бойынша рейд жұмыстарын жүргізуді бұйырды. Рейд барысында анықталған құқықбұзушылар жауапқа тартылады.