«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

азақстан ЕАЭО шеңберінде Қырғызстанға көмек көрсетеді. Алғашқы транш 41 млн АҚШ доллары Қырғызстанның кедендік, ветеринарлық, фитосанитарлық және карантиндік қызметін қайта жаңғыртуға жіберілмек.

 

Жақында Шолпан Атада «Ыстықкөл - 2017» экономикалық форумы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Қырғызстан Вице-Премьер-Министрі Олег Панкратовтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында техникалық жәрдем шараларының тізімі жасалды. Бұл құжатқа ҚР қаржы вице-министрі Қанат Байеділов пен Қырғызстан Республикасы экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов қол қойды.

 



2016 жылдың желтоқсан айында қол қойылған Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы еуразиялық экономикалық бірігу жағдайындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуы жөніндегі келісімдерге сәйкес Қазақстан 100 млн АҚШ долларын бөледі. Ал қол қойылған тізімге сәйкес, алғашқы транштың көлемі 41 млн АҚШ доллары болды.

Қырғызстанның тек қана ветеринарлық және карантинді қызметтерін жабдықтауға және жетілдіруге Қазақстаннан 22 млн АҚШ доллары көлеміндегі қаржы техникалық көмек ретінде бөлінді. Ол кеден шекарасындағы инфрақұрылымды дамытып, қайта жаңғыртуға, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйелерін халықаралық стандартқа сәйкестендіруге және Қырғызстан мамандарын даярлауға жұмсалмақ.

Бұл шара Қырғыз Республикасының қысқа мерзім ішінде ел экономикасын ЕАЭО талаптарына бейімдеуге қажет.

Дереккөзі: alashainasy.kz