«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Шымкент қаласындағы Rixos Khadisha қонақ үйінде жас кәсіпкерлер клубының алғашқы отырысы өтті.

Жас бизнесмендермен болған кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қатысып, клубтың ашылуы жас кәсіпкерлердің бизнес-бастамаларын іске асырудағы мүмкіндіктерін кеңейте түсетінін атап өтті.    

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары жұмыс берушілерінің  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бүгінгі жұмыс орындары жәрмеңкесіне солтүстік өңірлердегі 636 жұмыс беруші оңтүстікқазақстандықтарға білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша 1785 бос жұмыс орнын ұсынуда. Сонымен қатар,жәрмеңкеге жергілікті 248 жұмыс беруші, оның ішінде 30 ірі кәсіпорын 2500 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.

Шараға қатысқан ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халыққа ұсынылып отырған жұмыс орындарымен танысты

Созақ ауданының кәсіпкерлері түйе сүтін өңдеп, дамытудың жаңа жолын табуда. Аудан орталығы - Шолаққорған ауылындағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік коорперативі осынау кәсіп түрімен айналысып жүрген бірден-бір кәсіпорын. Кооператив түйе сүтінен бөлек, сиыр сүтін де қабылдайды. Бүгінде төрт түрлі ағарған - шұбат, сиыр сүті, айран, қаймақ әзірлеп, жергілікті дүкендерге жөнелтіп жүрген серіктестік таяуда сүттен йогурт пен кілегей әзірлеп, саудалауды қолға алмақшы. Бұл туралы күнгейдегі БАҚ өкілдерінің Созақ ауданына жасаған пресс-туры барысында белгілі болды. 

Оңтүстік Қазақстан облысына ауыл шаруашылығы мен индустриалды аймақ саласында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында өңірімізге Батыс Қазақстан облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов  бастаған топты бүгін ОҚО Ж.Түймебаев қабылдап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыс прокуроры И.Иманов пен құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган басшылары, қала, аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметі және Консультативті кеңес мүшелері қатысты.