«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оңтүстік Қазақстанда бұрын соңды мүмкін болмаған жүрек оталары жасалды. Бұл туралы облыстық кардиология орталығында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Онымен бірге Түркиядан арнайы келіп Шымкентте шеберлік сабағын өткізген Ыстамбұл қаласы ауруханасының бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Белхам Акпинар, кардиоорталықтың бас дәрігері, ғылым докторы Спандияр Бекжігітов баспасөз мәслихатын өткізді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрдаулет Төлегенұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс көлемінде жалпы 64 606 азаматқа жеке куәлік пен төлқұжат алуға бір нысанды арыздар рәсімделген. Оның ішінде 22 077 төлқұжат пен 41 829 жеке куәлік дайындалды. Сонымен қатар, облыс бойынша өткен мерзімде жалпы 75 027 тұлға тұрақты, ал 46 451 адам уақытша тіркелген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ОҚО-ғы филиалының директоры Қасымбек Маликов мәлім етті.Оның айтуынша,  облыстамемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы екі бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Біріншісі - жергілікті әкімдік арқылы салынатын үйлер болса, екіншісі - «Бәйтерек Девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы салынатын тұрғын үйлер.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада айтты.

Шара барысында аймақ басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағыт: Рухани жаңғыру» мақаласы туралы сөз қозғап, ондағы идеялардың мәңгілік ел мұратына жетудегі нақты, айқын қадамдары екенін айшықтады.

   Бүгін  ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев арнайы іс-сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Ведомство басшысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  ең алдымен Шымкент  мұнай өңдеу зауытына атбасын бұрып, мұндағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.