«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оңтүстікқазақстандық байкерлер кезекті маусымды мотошерумен бастады. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттердің  мотоциклистері арнайы келген.

Мотоциклді өмірінің мәні деп білетін 100 шақты байкер кезекті маусымның ашылуын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арнады.  Шымкент қаласының көшелерін аралап, «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттаған  автошабандоздар өздеріне тән ережелер мен қағидаларды жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы №3 жетім балалар үйіне арнайы барып, қайырымдылық шарасына атсалысты.

Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шаралары жалпы 275,9 мың гектарға жүргізіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артық. Бұл туралы Сарағаш ауданында шегірткеге қарсы химиялық күрес шараларын ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары бойынша өткізілген семинарда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Ұлт Көшбасшысы – ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» өкілдерімен кездесті. Басқосуда талантты жастарды қолдау мен өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. 

Мәртебелі қонақтардың өңірімізге арнайы іссапармен келуіне алғысын білдірген аймақ басшысы «Ұлт Көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» еліміздегі басты қор екенін айтты. 
«Мемлекет басшысының бар ғұмыры – баршамыз үшін, әсіресе, жастарға үлгі. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 3 млн-ға жуық халықтың 800 мыңға жақыны жастар десек, еліміз үшін бұл үлкен сан. Сондықтан, өңірімізде осы сынды шараларды өткізіп отыру маңызды. Осы ретте, мұндай басқосуларды Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен Жастар ресурстық орталығының ғимаратында ресми емес форматта жиірек өткізуді ұсынамын», - деді Ж.Түймебаев.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде облыс активімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды.

Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихат депутаттары, аудан,қала әкімдері, облыстық басқармалар, аумақтық департамент, құзырлы орган басшылары және облыс ардагерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты.

Актив отырысын жүргізіп отырған облыс әкімі Ж.Түймебаев бүгінгі жиынның күн тәртібіне тоқталып, Елбасының кешегі жарияланған мақаласы – мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы «Agro Green» ЖШС-гі өңірде алғаш рет ірі көлемде қозықұйрық өсіруді қолға алып отыр. Осы жылдың басында жұмысын бастаған серіктестік жылына 200 тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр.Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жұмысымен журналистер облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында танысты.