«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оңтүстік Қазақстан облысында қаракөл қой тұқымын көбейту жұмыстары қарқынды түрде қолға алынуда. Өйткені шаруалар қаракөл қойынан келер табыстың мол болатынын айтуда. Негізінен қаракөл шаруашылығын шөл және шөлейітті аймақтарда көбейтіп, дамыту қолайлы болып келеді. Сондықтан да Арыс ауданының Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» шаруашылығы қаракөл өсіруді қолға алып, оның санын көбейтуді жоспарлап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Аталған жүйенің артықшылығы - инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады. «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында көшпелі семинар кеңес өткізді.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев жұмыс сапарымен келді. Оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен жергілікті бизнестегі күрделі мәселелерді талқылау мақсатында ұйымдастырылған іссапар аясында жұмысшы топ Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» компаниясында болды.

Оңтүстік Қазақстан облысынан «Достық керуені» Өзбекстан Республикасына жолға шықты. Бұл іссапар Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің наурыз айында Қазақстанға жасаған ресми сапары кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Интернационалдық мәдени орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асырылып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары  мен Шымкент қаласынан  жалпы  37 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына аттанды.30 сәуір күні екі автобуспен жолға шыққан көштің алғашқы тобын  «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев,  облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жергілікті билік өкілдері   шығарып салды.