«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев   «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Бижан Қанешовпен кездесті. Әңгіме барысында Бижан Бисекенұлы облыс әкіміне «Қазақинвест» АҚ Ұлттық компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірлік өкілдігінің басшылық құрамын таныстырды.  Бұдан былай аталған  өңірлік өкілдігіне Шахизат Матаев басшылық жасайтын болады.

Бүгін «Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, денсаулық сақтау саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік дәрігерлерге пәтер мен автокөлік кілтін табыстады.

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда облыс əкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті. Шымкент қаласы  «Мұса» салтанат сарайында өткен облыстық шара - «Ардагерлер – ұрпақ сабақтастығының өзегі» тақырыбына арналды. Іс-шараны жазушы, қоғамдық форумның хатшысы Мархабат Байғұт жүргізді.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар ардагерін қабылдап, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды.