«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

«ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Байтөре және «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Т.Адешов өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Елбасы Жолдауындағы еңбек нарығын дамыту бойынша қолға алынған бағдарлама аясында түркістандық 60-тан астам отбасы Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі және Астана күні аясында елордада Қызылжар өңірінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп, 263 миллион теңгенің саудасы жасалды.

Облысымызда тіркеуден өтпеген бірде бір жер учаскелері мен ғимараттар және көлік құралдары қалмауы тиіс. Бұл жұмыстарды алдағы бір айда толық бітіріп, салық түсімінің көздері нақтылануы керек.  Сондай-ақ өңірімізде міндетті әлеуметтік - медициналық сақтандыру жүйесіне насихаттау жұмыстарын жандандыру қажет. Бүгін бұл туралы облыс әкімдікте өткен селекторлық жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін облыстық маңызы бар алты автомобиль жолы қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Тиісті жұмыстарды бастауға таяуда облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттардың қолдауымен қомақты қаржы бөлінді.