«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

         Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшылары «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолғы қабылдау шарасына облыстық Сәулет және қала құрылысы, Құрылыс, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Ауыл шаруашылығы басқарламаларының басшылары қатысып, өңір азаматтарының арыз-шағымдарына жауап берді.

         Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің бастамасымен қолға алынған ашық қоғамдық қабылдау шарасы өңірімізде жаңаша ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – қордаланған мәселелерді шешу үшін билік пен бұқара арасына ашық диалог орнату.

         «Төрт бірдей құрылым өткізген шара бірінші күннен-ақ, өзінің тиімділігін көрсете білді. Жиында ауыл шаруашылығы мәселелері мен сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарына қатысты түрлі түйіткілдер қаралды. Сағат 11:00-де басталған қоғамдық қабылдауға 58 азамат арыз-шағымдарын ала келіпті. Тұрғындарды көбінде жер телімі, үй құжатын рәсімдеу, ауыл шаруашылығы саласына қатысты жеңілдіктер мен қаржылай қолдаулар толғандыратынын байқауға болады», - дейді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Берік Құлжанов. 

Бүгін облыс әкімдігінде «Халықтың әл-ауқаты мен жағдайын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру» тақырыбында жиын болып өтті.

Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, облыс прокуроры Н.Әбдіров және ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Қалмырзаев, құқық қорғау орган басшылары, комиссия мүшелері мен облыстық басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың жауапты тұлғалары қатысты.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының яғни, 8-9 бағытындағы тиімді мемлекеттік басқару мен жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне баса назар аударғанын айтқан облыс әкімі тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдарды дер кезінде қарап, азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейту қажеттігіне тоқталды.

Оңтүстік Қазақстанда қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесі ендіріле бастады. Бүгінгі таңда, «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, қолжеткізу индикаторы айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған жиында айтылды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1029 мектептегі 2, 5, 7-сыныптар өткен жылы 100 пайыз білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

        

Кәсіпорындарды, зауыттарды және фабрикаларды сандық бейнелеу және білікті мамандарды іздестіру мәселесін шешу мақсатында G-Global бизнес-порталының консалтингтік базасы іске қосылады. Бұл жоба Эстония парламентінің депутаты, Орталық партияның бас хатшысы Михаил Корбуға ұсынылды.