«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қымыз бен шұбаттан құрғақ сүт өнімін өндіретін  «Golden camel group LTD» кәсіпорнында болды.

Қарағанды облысы «Оңалту түрмесі» республикалық пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін таңдап алынды. Ол бас бостандығынан айырылғандарды қайта әлеуметтендіру бағытында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың жұмысын біріктереді. Жобаны бастау және жүзеге асыру мәселелері Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік органның отырысында талқыланды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Біріккен қалалар және жергілікті биліктің» Еуразиялық бөлімінің бас хатшысы Расих Сагитовпен кездесті. Тараптар жергілікті биліктің халықаралық деңгейдегі өзара қарым- қатынасы, қалаларлың дамуына урбанизация мен жаһанданудың ықпалы мәселелерін, ұйым қызметінің басты бағыттарын талқылады.

Бүгін, 6-шы желтоқсанда Индустриаландыру күні шеңберінде Астана қаласында «Жаңа индустриаландыру: қазақстандық барыстың қадамы» жалпыұлттық телекөпір өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

 Студенттер сарайында өткен «Алматы- жастар қаласы» атты жастар форумында Бауыржан Байбек «2020 жылға дейін жастарды қолдаудың қалалық Жол картасын» жүзеге асырудың алғашқы қорытындысы туралы айтты және қала билігінің күш-жігері аға ұрпақты қолдауға жұмсалатынын атап өтті.