«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстандықтар Астанадан Самарқанға тікелей қатынай алады. Келесі айдан бастап осы бағытқа жолаушылар пойызы жүреді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мұндай келісім екі ел бірлескен үкіметаралық комиссия жиынында белгілі болды.

 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Әнет баба: ғұмыры мен заманы» кітабының тұсаукесері болды. Бұл кітап - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов пен осы университеттің әлеуметтік ғылымдар факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтің бірлескен жұмысының жемісі.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша өтетін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына қатысты Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді. 

Қарағандылық «ЭкоMұражайда» наурыздың 20-нан сәуірдің 6-на дейін сирек кездесетін тастар мен минералдардың көрмесі өтеді. Экспозицияда 14 жеке топтаманың 700-ден астам жәдігерлері ұсынылады. 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шараға  аталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.