«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Осакаров ауданының Трудовое ауылдық округінде неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. «Еңбек-95» ЖШС германиядан симменталь тұқымды сиырларды сатып алған.

Бүгінгі өткен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында 2018 жылғы облыстық бюджеттің жалпы көлемі 447,7 млрд. теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 32,3 млрд. теңгеге өскен.

Бұл жөнінде облыстық депутаттар алдында 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы баяндаған экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік салаларға бағытталған. Мәселен, білім беру саласына жалпы 42,9 млрд. теңге қарастырылса, денсаулық сақтау саласына 19,5 млрд. теңге, халықты әлеуметтік қолдау саласына 6,9 млрд. теңге бағытталып отыр. Сонымен бірге, мәдениет  және спорт салаларына  17,9 млрд. теңге бөлінсе, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мақсатында 33 жобаны іске асыру үшін  6,0 млрд. теңге қарастырылған. Осының нәтижесінде 16 жоба іске қосылып,13 елді мекен ауыз сумен қамтылып, жалпы қамтылған елді мекендер саны 636-ға жетеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, басқарма басшысы  тұрғын үй саласы бойынша 77 нысанның құрылысына    25,6 млрд. теңге бағытталып, жалпы алаңы 208,6 мың шаршы метрді құрайтын 3 434 пәтерлі 72 үй пайдалануға берілетінін атап өтті.

«Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым саласы бойынша 20 нысанның құрылысына 1,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 нысанды іске қосу жоспарлануда. Халықты көгілдір отынмен қамту мақсатында 67 нысанның құрылысына 14,4 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 28 елді мекендегі 64 844 адам газбен қамтамасыз етіліп, қамтылған елді мекендер саны 372-ге жететін болады. Және де электр энергиясы бағыты бойынша 12 нысанның құрылысына 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 16 елді мекен сапалы электр энергиясымен қамтылады»,-деді А.Сәбитов.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағының құрылысына мемлекеттік бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалған. Бүгінгі таңда аймақтағы кәсіпорындардың бюджеттік аударымдары 7,2 млрд. теңгеге жеткен. Нәтижесінде «Оңтүстік» индустриалды аймағы республикада өзін-өзі ақтаған ең алғашқы индустриалды аймақ болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында жалпы облыстағы индустриалды аймақ кәсіпорындары 13,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқарушы компания басшысы Нуркен Бегулиев мәлімдеді. 

   

Қыс айларында азық-түлік бағаларының қымбаттауына жол бермеу керек. Бұл үшін тұрақтандыру қоры тиісті шараларды атқарып, халық көп тұтынатын өнімдердің қорын жеткілікті көлемде дайындап, бағаның өзгермеуіне ықпал етуі тиіс. Бұл туралы Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталығында орналасқан өңіріміздегі тұрақтандыру қорының қоймасын аралап көрген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан астам сәйкестендіру құжаты және жылжымайтын мүлік нысандарына 25 мыңға жуық техникалық төлқұжат әзірленген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Данабек Исабеков мәлімдеді.