«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген. Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі

Америкалық SpaceX компаниясының негізін салушы Илон Маск Марс ғаламшарына аттанатын автокөліктің фотосуретін жариялады.

Қарағандыда көпқабатты үйлерге берілетін ыстық судың сапасын тексеретін арнайы комиссия құрылатын болады. Oл туралы қала әкімгінде өткен жиналыс барысында мәлімделді.
Жиналысқа аудандық әкімдіктердің, Қарағанды қаласының тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің және энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Аталған жиналыста су дайындау объектілерінен бастап соңғы тұтынушыға дейін, атап айтқанда ыстық судың жағымсыз иісі бойынша әлеуметтік желілер арқылы шағым жасаған тұрғындары бар көп қабатты тұрғын үйлерге дейін жылу тасымалдаушыны комиссиялық зерттеу өткізу туралы шешім қабылданды.
Комиссия құрамына аудандық әкімдіктердің, Қарағанды қаласының тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің, "КарагандаЭнергоцентр" ЖШС жылу өндіруші компаниясының, "Теплотранзит Караганда" ЖШС жылу таратушы компаниясының, "КарагандыЖылусбыт" жылумен жабдықтау компаниясының, "ҚарағандыСу" ЖШС сумен жабдықтау компаниясының өкілдері енгізілді. Комиссия жұмысының қорытындылары туралы қосымша хабарланады.

Дереккөзі: karaganda-region.gov.kz

Қарағандылық «Шахтер» стадионында мұз айдыны жұмыс істей бастады. Биылғы жылы ашылу салтанаты Қазақстанның Тәуелсіздік Күніне орайластырылды.

Қарағанды облыстық жедел жәрдем станциясы 35 жаңа арнайы көлік алды, оның 27-і – реанимобильдер.

Қостанай қаласындағы «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасында жаңа цех іске қосылды.