«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Мәслихаттың босаған орындарына депутаттарды сайлау 25-ші наурызда өтті. Облыстық мәслихатқа "ҚТЖ" ҰК" АҚ магистральдік желісінің Қарағандылық бөлімінің директоры Айдос Майқыбеков және "Қарағанды қаласының №1 қалалық ауруханасы" КМҚМ директоры Дмитрий Чернов сайланды. 

Майқұдықтағы "Алақай" және "Джинн" балабақшаларында 230 орынға шақталған жаңа топтар ашылды.

Жаңа пәтерлерге бүгін, 21-ші наурызда бір дегенде 192 отбасы қоныстанды. Пәтерлердің кілтін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыс етті. 

Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста мемлекеттік қала құрылысы кадастрын енгізу және іске асырылу мәселелері талқыланды. 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің жалақысын өсіру қалай жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.