«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Оңтүстік Қазақстан облысына ауыл шаруашылығы мен индустриалды аймақ саласында атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу және тәжірибе алмасу мақсатында өңірімізге Батыс Қазақстан облысының делегаттары жұмыс сапарымен келді.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов  бастаған топты бүгін ОҚО Ж.Түймебаев қабылдап, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Оңтүстік Қазақстан негізі аграрлы аймақ болып келеді. Мұнда ауыл шаруашылық пен шағын орта кәсіпкерлік саласы жолға қойылған. Сонымен қатар  әлеуеті мол 11 инудстриалды аймағымыз болса, Шымкент қаласының өзінде жеңіл және ауыр өнеркәсіптер орналасқан үш индустриалды аймақ бар. Және де республикадағы фармацевтика кластері дамыған бірден-бір аймақ осы Оңтүстік Қазақстан болып табылады»,-деді әкім.

Құрамында кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының өкілдері мен ауыл әкімдері бар 30-дан астам батысқазақстандықтар өңірдегі ірі шаруа қожалықтардың жұмысымен танысып, кооперативтерді құру бойынша тәжірибе алмаспақ.

Өз кезегінде сөз алған БҚО әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов бүгінгі ресми сапар облыс әкімі А.Көлгіновтың өзге өңірлерден тәжірибе алмасу тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отырғандығын айтып, агроөнеркәсіп бағыты дамыған бұл аймақтан үйренеріміз көп деп білемін деді.

«Батыс Қазақстанда мал шаруашылығы дамыған. Бүгінде асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ет экспортының әлеуетін өрістетудеміз. Мәселен, өткен жылы Оңтүстіктегі мал сою бекеттеріне 7800 бас мал жібердік. Сондай-ақ, осы облыстағы «Қайып Ата» шаруа қожалығы мал басын алуға қызуғушылық танытып отыр. Ресей шекарасымен шектескен  біздің облыс өткен жылы 2100 тонна ет экспорттады»,-деді А.Өтеғұлов.

Оңтүстік Қазақстанға екі күндік жұмыс сапарымен келген делегаттар агроөнеркәсіп кешенін дамытуда бірлесе жұмыс атқару мақсатында  Ордабасы мен Төле би аудандарындағы бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, жұмысымен танысуда. Сонымен қатар, өңір кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылып, өзара келіссөздер жүргізу жоспарлануда.