«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қарағанды облысында өнім жинау науқаны басталды. Алдын ала болжам бойынша, биылғы жылы 903 мың тонна астық, оның ішінде 660 мың тонна бидай жиналады деп жоспарлануда. Өнім жинау жұмыстары туралы аппараттық жиналыста Ауыл шаруашылық басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов мәлімдеді.
Биылғы жылы астық және дәнді-бұршақ дақылдарын жинау ауданы 826 мың гектарды құрайды: бидай – 623,9 мың га, арпа – 174,1 мың га, сұлы – 17,9 мың га, бұршақ дәнділер – 10,1 мың га. Майлы дақылдар 17,1 мың га, картоп – 9287 га, көкөністер – 1442 га жерден жиналады. 


Астықтың өнімділігі өткен жылғы көрсеткіштерден төмен болмайды деп күтілуде – орташа есептегенде 11ц/га. Астықты жаппай жинау 903 мың тоннаны, оның ішінде бидай – 663 мың тонна болады деп жобалануда. Картоп өнімі 230 мың тоннадан астам көлемде жиналады деп жоспарлануда. 
- Өнімді жинау жұмыстарын жүргізу үшін 2 234 астық жинаушы комбайндар жұмылдырылды, оның ішінде 19-ы биыл сатып алынды, жәнеде 531 бірлік дестелегіш жұмыс істейді. Картоп жинауда 124 бірлік техника қызмет етеді. Ол өнім жинау жұмыстарын 25-ші қыркүйекке дейін аяқтауға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Сағынжан Апақашов. 
Өнім жинау жұмыстарын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылық шаруаларына 15 мың тонна арзандатылған дизельдік отын бөлінген. Оның құны бір литрі үшін 169 теңгені құрады. 
Облыста астықты сақтау үшін де жағдай жасалған. Ол үшін 500-ден астам астық қоймалары, екі лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары бар.