«Astana Times» ЖК, «Қаздала» ақпарат агенттігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің № 15 766 - ИА 30.12.2015 куәлігі берілген.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудың ескі бөлігіндегі мәдениет және демалыс саябағында болды. Биыл саябақ «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша жөнделді.

Мемлекет басшысы саябақтың бюджеттен тыс қаржы есебенінен жасалған аумағын аралады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы қала тарихынан сырт шертетін театрландырылған қойылымды тамашалады. Сценарий бойынша жас металлургтер ауысымнан соң гитарада ойнап отыр. Сондай-ақ саябақта 60-шы жылдардағы дәмхана бар, онда сызбалармен айналысып жатқан жас инженерлер жұбы орналасқан, дүкенде буфетші әйел отыр.

Жастар Елбасының «Девчата» және «Весна на Заречной улице» атты сүйікті фильмдеріндегі әндерді орындады.
Нұрсұлтан Назарбаев жастармен бірге гитарамен «Песня о тревожной молодости» әнін орындады. Барлығы қойылымға Қарағанды мен Теміртаудан 170 жас қыз-жігіттер қатысты.
Саябақ 1956-шы жылы құрылған және 7 га жерді алып жатыр. Бұрындары мұнда би алаңы, шағын дәмхана, аттракциондар павильоны мен тыныш демалыс аумағы болған. 90-шы жылдары саябақ құлдырай бастады. 2017-ші жылы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша саябақ бюджеттен тыс қаражат есебінен қалпына келтіріле бастады. Оны бұрынғы қалпындай етіп жасауға тырысқан: мұражайлардағы ескі суреттер мұрағаты қаралды, зейнеткерлер арасында сауалнамалар жүргізілді.

Қазір саябақта сахнасы бар би алаңы, шағын көше дәмханасы, балалар алаңы, күркелер мен шағын архитектуралық мүсіндер бар.

Саябақты аралау кезінде Қазақстан Президенті өз майдандас серіктері және металлугиялық комбинаттағы бұрынғы әріптестерімен кездесіп әңгімелесті.